Су добынан Қазақстанның ерлер құрамасы олимпиада жолдамасын 2012 жылы Жапонияның Шиба қаласында өткен Азия чемпионатында жеңіп алған.
Сергей Дроздов жаттықтыратын команда Жапониядағы құрлық біріншілігінде алтын жүлдеге ие болды. Ереже бойынша Азия чемпионатын ұтқан команда ғана олимпиадаға жолдама алады.
ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫНЫҢ ҚАРСЫЛАСТАРЫ
Қазақстан құрамасы Лондондағы ойындарда Испания (29 шілде), Австралия (30 шілде), Грекия (2 тамыз), Италия (4 тамыз), Хорватия (6 тамыз) командаларымен бір топта күш сынасады. Ширек финалға шығу үшін кем дегенде екі команданы ұтып, екі ойында тең түсу керек.
Италия командасы - су добынан қазіргі әлем чемпионы. Бұл команда үш дүркін олимпиада чемпионы (1948, 1960, 1992) болды. 1976 жылғы олимпиаданың күміс жүлдегері. 1978, 1994, 2011 жылдардағы әлем чемпионатының жеңімпазы. Команданы 1992 жылы олимпиаданы ұтқан Александро Кампанга жаттықтырады.
Италия командасынан бөлек, су добынан қазір әлемдегі ең мықты құраманың бірі - Испания командасы. Испаниялықтар 1996 жылы олимпиада чемпионы болған. Содан кейін бұл құраманың жолы болмай, үздік үштікке ене алмай келеді. Алайда испандар олимпиададан тыс жарыстарды, мәселен 1998, 2001 жылғы әлем чемпионаттарында топ жарды - алтын жүлдені олжалады. 2009 жылы әлем біріншілігінің финалына шықты. Бір қызығы - бұл команда олимпиада мен әлем чемпионатын ұтса да, Еуропа чемпионатында алтын алып көрмеген. Тек 1991 жылы күміс жүлдеге ие болған.
Австралия құрамасы да халықаралық жарыстарда үнемі мықты екенін дәлелдеп келеді. Бұл құрама - мұхиттық аймақтың үздік командасы. 2007, 2008 жылдары әлемдік лиганың (әр құрлықтың чемпиондары қатысатын жарыс) қола жүлдесін ұтты. 1984, 1992 жылғы олимпиада ойындарында бесінші орын алды. Бұл жеңістер - команда тарихындағы ең үздік нәтижелер. Бірақ, әлем чемпионаттарына жиі
қатысса да, жүлде ала алмай келеді. Қазақстан мен Австралия командалары 2000 жылғы олимпиадада кездескен. Ойын 2:9 есебімен аяқталып, австралиялықтар жеңді. 2004 жылы олимпиадада тағы да кездесіп, ол жолы да 10:5 есебімен Қазақстан жеңілген.
Грекия құрамасы осымен 12-рет олимпиадаға қатысады. Олимпиада тарихындағы ең үздік нәтижесі – төртінші орын (2004 жыл, Афина). Қола үшін өткен ойында гректер Ресей құрамасынан ұтылған еді. Бұл команда - 2005 жылы Канадада өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері. Шешуші ойында Хорватия құрамасын жеңген (11:10). 1997 жылы әлем кубогында күміс жүлдеге ие болды. Алайда Еуропа чемпионатын әлі бірде-бір рет ұтпаған. Грекия құрамасымен Қазақстан үш рет кездесіп, барлығында жеңілген.
Хорватия құрамасының да жетістіктері мол. 1996 жылғы олимпиада ойындарының күміс жүлдегері. 2007 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы. Биыл Алматыда өткен әлемдік лига жарысында алтын жүлде алған. 2010 жылғы Еуропа чемпионы. 2004 жылы Афина олимпиадасында Қазақстан Хорватиямен ойнап, 4:5 есебімен жеңілген еді.
Қазақстан құрамасы екі рет олимпиадаға қатысты. 2000 жылы тоғызыншы орын алса, 2004 жылы 11-орынға төмендеді. Бес рет әлем чемпионатына қатысты. Азияның екі дүркін чемпионы. Азия ойындарында екі рет алтын алған. Команданы Сергей Драздов жаттықтырады.
Қазақстан ерлер құрамасының тізімі:
Қақпашылар: Николай Максимов, Александр Шведов
Ойыншылар: Сергей Губаров, Мұрат Шакенов, Сергей Горовой, Алексей Понфили, Алексей Шмидер, Владимир Ушаков, Рустем Үкіманов, Евгений Жиляев, Михаил Рудай, Равиль Манафов, Никита Кокорин.
Қазақстан құрамасы жарысты жексенбі, шілденің 29-ында бастайды.