Биыл қыркүйек айында соғысқа қарсы ресейлік белсенді, 19 жастағы Павел Владимировтің Қазақстанда ұсталғаны өткен аптада ғана мәлім болды. Белсенді Ресейден тамыз айында кеткен, оған террористік ұйым жұмысын ұйымдастырды деген айып тағылған. Бұған украиналық Ольга есімді қызбен хат алмасуы себеп болса керек. Сибирь.Реалии сайтына берген сұхбатында Ольга екеуара хаттарында саясат туралы сөз болмағанын, Павел туып-өскен Воронеж қаласынан Ольгамен кездесу үшін ғана кетпек болғанын айтты.
Алматыда сақталып қалған санаулы ағаш ғимаратты архитектор Андрей Зенков салдырғанын біреу білсе, біреу білмейді. Оның әкесін патшалық Ресейдің губернаторы жаңа құрылған Жетісу облысына шақырып, Зенковтар сол кездегі Верныйда тұрақтайды. Ол туралы пікір де әркелкі.
80 жыл бұрын Совет өкіметі қарашай, шешен, ингуш және балқар халықтарын неміс нацистерімен ауыз жаласты деп айыптап, Солтүстік Кавказдан депортациялады. Қазақстанда тұрып жатқан олардың ұрпақтары атамекенін және аштықтан әрең аман қалған ата-баба тарихын жадында сақтаған.
Мәскеудің Украинаға қарсы басқыншылығын қолдамайтын ресейлік еріктілер оккупацияланған аймақтағы украиндерді құтқарып, оларға гуманитарлық көмек жеткізіп жатыр.
Ресейдің Украинаға басып кіргенін ашық айыптаған ресейліктердің көбі не қамалды, не шетелге қашты. Бірақ кейінгі кезде қарсылықтың жаңа түрі тарай бастады.
"Роскомнадзор" мекемесі ресейлік стриминг сервистерінің барлығынан саха режиссері Степан Бурнашевтің "Айта" фильмін бұғаттап тастауды талап еткен. Билікке фильмде "Ресей халықтарының бірлігі принципіне қайшы деструктивті ақпарат" бар болып көрінген. Кино мамандарының пікірі басқадай.
Ресей Украинаға басып кіргелі 400 мыңнан астам ресейлік өз елін тастап, шетелге қоныс аударған. Олар кемі 14 млрд доллар капитал, біліктілігі жоғары мамандар мен жүздеген бизнес субъектісін өздерімен бірге ала кеткен. Ресей азаматтарын қабылдаған мемлекеттер бұдан экономикалық пайда көріп отыр.
Ресейде мобилизация жариялаған соң, заңды некеге отырғандар саны күрт артты. Содан бері соғысқа шақырту алғандар бірге тұрып келген немесе кездесіп жүрген әйелдермен некесін заңдастырған. Бұған күйеуі өлген немесе жарақат алған жағдайда отбасына жәрдемақы беретіні түрткі болған.
Шекара алдындағы ұзын-сонар кептеліс, такси жүргізушілері, болашағы бұлыңғыр, уайымға толы сапар, бейтаныс адамдардан күтпеген көмек: Ресейде билік "ішінара" мобилизация жариялағаннан кейін елден кетуге асыққан ресейліктердің басынан өткен жайттарды осылай сипаттауға болады.
Тағы