Украинаның Покровск қаласындағы айқас шиеленісіп барады. Ресей билігі Украина Мәскеуді дрондармен атқылағанын хабарлады. Батыс Мәскеуді Иранның дрондарын қолданып отыр деп айыптады.
26 тамызда Шымкент қалалық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты 31 жастағы Өзбекстан азаматы Әлішер Сапаровты «билік өкіліне күш қолданды» деген айыппен екі жылға соттады. Сапаров үкімге келіспейді. Ол «полиция мені заңсыз ұстады, күш қолданды» дейді.
Қазақстанда атом электр станциясын салу бойынша жария талқы аяқталды. Бұл мәселе енді референдумда дауысқа салынады. Азаттық Қазақстандағы саяси партиялардан АЭС салу бойынша ұстанымын сұрады.
Украина әскері басып алған Ресейдің Суджа қаласындағы тұрғындар соғыспен алғаш рет бетпе-бет келіп отыр. 20 тамызда Украина билігі ұйымдастырған пресс-тур аясында Азаттықтың Украин қызметінің тілшілері Суджаға барып, қаладағы ахуалды көріп қайтты.
7 жасар Малика екі жыл бұрын Алматы облысындағы үйінің жанында 8 метр кәріз құдығына құлап, денесінің сау-тамтығы қалмады. Ойнақтап жүрген бала қазір 1-топ мүгедегі. Алматы облысында тұратын ата-анасы кінәлілерді жазалауды сұрап Ақордаға дейін барды. Әзірге нәтиже жоқ.
Украина билігі Ресейдің Курск облысында алға жылжып жатқанын мәлімдеді. Батыс басылымдары Украинаның шабуылы "Кремльді састырып", президент Владимир Путинге "үлкен соққы болды" деп жазып жатыр. Украинаның түпкі мақсаты не, Курскідегі операцияның ақыры не болмақ және Путин қалай әрекет етуі мүмкін?
Тұрғымбаев Қаңтар оқиғасына байланысты істі болып, биыл сәуірде ұсталған «мемлекеттік құпия айтылады» деген себеппен іс жабық қаралды. Азаттық экс-министрге шыққан үкім туралы Қаңтар істерімен айналысқан құқық қорғаушылардан пікір сұрады.
Семей қаласында 8 тамыз күні Қазақстанда атом электр станциясын салу жобасы бойынша жария талқы өтті. Шара басталмай жатып шу шығып, жиыннан тікелей эфир жүргізіп жатқан жергілікті белсенді Елдос Досановты полиция ұстап әкетті. Жиын кезінде алдын ала дайындалған тізім бойынша сөз беріліп жатты.
Дәрігерлер "тағы екі науқастың жағдайы ауыр" дейді. 25 шілде күні премьер-министр Олжас Бектенов марқұмдардың отбасыларына көңіл айтып, істі бақылауына алғанын мәлімдеді.
Атырау облысында тасқын салдарынан малы өліп, егістігі мен жайылымдық жері суда қалған шаруалар өтемақы талап етеді. Әкімдік дерегінше, көктемгі тасқында 150-ге жуық шаруа қожалығы зардап шеккен, оның 70-тен астамы өтемақы сұрап өтініш берген.
19 жастағы атыраулық сарбаз Досымжан Сәлімжан биыл мамырда Алматыдағы госпитальде көз жұмды. Жетісу облысындағы әскери бөлімге былтыр күзде алынған. Досымжан өмірінің соңғы күндері туыстарына әскерде "тоқтаусыз таяқ жегенін" айтқан. Күдікке ілінген офицер қамауда отыр. Тергеу әлі жалғасып жатыр.
6 шілде – Астана күні және Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні. Мерекенің тарихи негізі –Жоғарғы кеңестің астананы Ақмолаға көшіру туралы 1994 жылғы 6 шілдедегі қаулысы. Азаттық мерекеде астаналықтардың Назарбаев туралы пікірін сұрады. Көпшілік пікірі әртүрлі болып шықты.
Қазақстанда Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті басталып жатыр. 3-4 шілде күндері өтетін саммитке 16 мемлекеттің басшылары қатысады. Ресми қонақтар арасында БҰҰ-ның бас хатшысы Антониу Гутерриш те бар. Шара қарсаңында Астанада күзет күшейді.
Ақмола облысында алпыс отбасы тұратын Қаражар ауылы биылғы тасқыннан әлі ес жия алмай отыр. Тұрғындар ауылдағы жалғыз көпір жөнделмей, ауданмен қатынас үзіліп, қиын жағдайда қалғанын айтады.
Утилалым мен бастапқы тіркеу жарнасына қарсы петицияны талқылау үшін құрылған комиссия мүшелері бір пікірге келе алмай жатыр. Петиция авторлары комиссия құрамына сенбейді. Өнеркәсіп министрлігі белсенділерді «арандатушы» деп атайды.
Халықаралық «Жабайы жылқылардың оралуы» жобасы аясында Еуропадан Қазақстанға жеті керқұлан жеткізілді. Арнайы контейнермен әуелі Чехияда ұшаққа тиеліп, Германияда сәл аялдап, екі ғасыр бұрын өздері мекендеген қазақ даласына табан тіреді.
Оңтүстік Кореяның президенті Орталық Азияны аралап жүр. Алдымен Түркіменстанға сапарлған ол 12 маусымда Қазақстанға келді. Одан соң Өзбекстанға бармақ.
Олар қамауда отырған балаларының денсаулығы нашарлап кеткенін, түрмеде екеуінің құқығы бұзылып жатқанын айтты. Депутат Ермұрат Бәпи "екі азаматпен кездестім, істерін назарда ұстап отырмын" деді.
Ақтауда "ҚазТрансОйл" ұлттық мұнай тасымалдау операторының мердігері — "Зевс Энерго" компаниясының жетпіс өрт сөндірушісі жалақыны көтеру талабымен ереуілдеп тұрғанына алты күн болды.
Қазақстанның жоғарғы аудиторлық палатасының төрағасы Әлихан Смайылов бүгін мәжілісте 2023 жылдың бюджеті туралы есеп берді. Есеп қамтыған кезеңде ол өзі премьер-министр қызметін атқарған.
Тағы