Қаңтар оқиғасынан соң құрылған «Аманат» комиссиясы абақтыдан 85 адам шығарылғанын, кейбірінің ісі қысқарғанын мәлімдеді. Жетекшісінің сөзінше, қамауда отырғандар арасында кәмелетке жетпегендер мен қосақ арасында кеткендер де аз емес. Ал тағы бір заңгер бұл комиссия жұмысын заңсыз деп есептейді.