Сирияда исламшыл топтар Башар Асад армиясының позицияларына шабуылдады

Президент бақылауындағы Сирия армиясының сарбаздары Алеппоның солтүстік бөлігінде жүр, 17 ақпан 2020 жыл.

Сирияда исламшыл топтар президент Башар Асадтың бақылауындағы Сирия әскері мен олардың одақтастары Алеппо қаласының батысындағы ираншыл топтардың позицияларына жаппай шабуыл бастады. Шабуылдаушылардың арасында түрікшіл террористік "Хайат Тахрир аш-Шам" мен басқалары бар.

Қақтығыс кезінде жиһадшылар бірнеше елді мекенді, үкімет армиясының стратегиялық маңызды базаларының бірін басып алған. Шабуылға жауап ретінде Сирия армиясы Ресей әскерімен бірігіп, қарулы топтардың позициясына соққы жасау үшін әскери ұшақтарды көтерді.

Кейінгі мәліметтерге сәйкес, қарулы жасақтар Сирияның Анадан қаласына жақын қалған. Бұл қала Асад әскерінің қорғаныс шебіндегі маңызды жер саналады. Оны басып алса, жиһадшыларға тағы екі елді мекенге жол ашылады. Бұл оларға Алеппоның солтүстік-батысына қарай жылжуға мүмкіндік береді.

Тел-Рифат пен Манбидж қаласы маңында түрік артиллериясы қойылған. Түрік армиясы Сирия демократиялық оппозициясының күрд құрылымдары ұстап отырған позицияларға шабуыл жасауға дайындалып жатқан болуы мүмкін.

"Хайат Тахрир аш-Шам" – Асад режимімен күресіп жатқан сунниттік жиһадшылар топтарының коалициясы. Топ 2017 жылы "Әл-Қаида" террористік ұйымының жергілікті бөлімшесінің базасында құрылды. Коалиция қазір "Әл-Қаидамен" байланысты жоққа шығарады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Газадағы соғыс Орталық Азияның қауіпсіздігіне қалай әсер етеді?