Назарларыңызға тамыздың 5-і мен 8-і күндері жарысқа шығатын қазақстандық спортшылардың кестесін ұсынамыз.
5 ТАМЫЗ
Бұл күні Астана уақыты бойынша сағат 23:55-те жеңіл атлетика бәсекесі басталады. 400 метрге жүгіруден Татьяна Азарова іріктеу жарысына қатысса, Ольга Рыпакова үш қарғып секіруде олимпиада жүлдесіне таласады.
Астана уақыты бойынша 14:00-де 50 метрден тапаншамен ату жарысында Вячеслав Подлесный жүлдеге таласады.
Сағат 18:00-де грек-рим күресінен Асхат Ділмұхамедов (74 кг) кілемге шығады.
Бокстан 19:30-да Саида Хасенова (60 кг) рингке шығады. Қарсыласы – бразилиялық Адриано Арауио. Ал сағат 20:30-да 75 килограмм салмақтағы Марина Вольнова Элизабет Андиегомен (Кения) жұдырықтасады.
Сағат 20:00-де синхронды жүзуден Анна Кулькина мен Әйгерім Жексембинова техникалық бағдарлама бойынша жарысқа шығады.
6 ТАМЫЗ
Астана уақыты бойынша сағат екіде жеңіл атлетика бәсекелері басталады. Қазақстанның атынан Наталья Иванинская, Наталья Сопрунова, Анастасия Пилипенко (барлығы да 100 метрге кедергілер арқылы жүгіруден) іріктеуге қатысады. Сондай-ақ ядро лақтырудан Виктория Зябкина да өз бәсекесін іріктеуден бастайды.
Бұл күні бокстан ширек финал бәсекелері басталады (Астана уақыты бойынша сағат
18:30-да). Ғани Жайлауов (60 кг) кубалық қарсыласы Яснеил Толедомен шаршы алаңға шығады. Аса ауыр салмақта Иван Дычко канадалық қарсыласы Симон Кинмен жұдырықтасады. Ал Саида Хасенова, Марина Вольнова ширек финалға шығып жатса, жартылай финал жолдамасын сарапқа салады.
Сағат 15:00-де байдарка мен каноэ есуден Евгений Алексеев пен Алексей Дергунов іріктеу жарысына қатысады. Ал сағат кешкі сегізде синхронды жүзуден Анна Кулькина мен Анна Жексембинова еркін жаттығуларымен бассейнге шығады. Су добынан Қазақстан ерлер құрамасы топтағы соңғы ойынын Италияға қарсы өткізеді. Матч сағат түскі үште басталады.
Грек-рим күресінен сағат 18:00-де Алмат Кебіспаев, Нұрмахан Тінәлиев және Даниял Гаджиев кілемге шығады. Балуандар жүлдеге осы күні таласады.
7 ТАМЫЗ
Астана уақыты бойынша түскі екіде басталатын жеңіл атлетика бәсекесіне Денис Семенов (110 метрге кедергілер арқылы жүгіру), Евгений Эктов пен Роман Валиев (үш қарғып секіру), Вячеслав Муравьев (200 метрге жүгіру) қатысады. Қазақстандық барлық спортшылар жарысты іріктеуден бастайды.
Ал тамыздың 8-іне қараған түні сағат 02:00-де боксшы Серік Сәпиев (69 кг) ширек
финалдағы кездесуін өткізеді. Қарсыласы венесуэлалық Габриэль Маестре.
Сағат 15:00-де каноэ және байдарка есуден Наталья Сергеев жарысқа шығады. Грек-рим күресінен кешкі алтыда Дархан Баяхметов белдесуге шығады.
8 ТАМЫЗ
Сағат түскі екіде басталатын жеңіл атлетика жарысында сырықпен секіруші Никита Филиппов, онсайысшы Дмитрий Карпов, 800 метрге жүгіруші Маргарита Мацко жарысты бастайды.
Бұл күні кешкі сағат алты Біржан Жақып, Данияр Елеусінов, Әділбек Ниязымбетов ширек финалдағы кездесулерін өткізеді. Ал Саида Хасенова мен Марина Вольнова жартылай финалға шығып жатса, кездесулері осы күні өтуі мүмкін.
Сағат түскі екіде таэквондошы Нұрсұлтан Мамаев (58 кг) даянға (таэквондо жарысы өтетін партер) шығады.
Ал сағат 18:00-де күрестен белдесулер басталады. Жұлдыз Ишимова (48 кг) мен Елена Шалыгина (63 кг) осы күні жүлдеге таласады.