21 шілде күні Газа секторындағы қарулы қақтығыстар барысында Израильдің 7 сарбазы мерт болды. Екі жақтан жасалған зымыран соққылары мен Израиль күштерінің жақында бастаған әскери операциясы барысында Израиль тарапынан қаза болған бейбіт тұрындар мен әскерилердің жалпы саны 27 адамға жеткен.
Дүйсенбі күні ұрыстар кезінде ондаған палестиндік қаза тапқан, олардың төртеуі аурухананы бомбалау кезінде мерт болған. Палестин билігінің мәліметі бойынша, қарулы қақтығыстар басталғалы екі аптаның ішінде 500-ден аса палестиндік азамат опат болған.
Екі тарап арасындағы соғысты тоқтату мақсатымен Каирге келген БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун қарулы жанжалға қатысып отырғандарды «атысты ешқандай шартсыз доғарып, диалогке қайта оралуға» шақырды. АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри де осы аймақта жүр.