Рубль дағдарысы тәжік ауылына да әсер етті
Рубльдің құлауы алыстағы Тәжікстан ауылдарына да әсер етті. Элоки ауылының тұрғындары балаларының үйлену тойын кейінге шегеріп, үйлерінің құрылысын аяқтай алмай жатыр. Себебі ауыл тұрғындарына қаржы көбіне Ресейде жұмыс істеп жүрген балаларынан келеді. Ал Мәскеуде жүрген тәжік азаматы Саади Солехов рубль құлдырағалы табысы күрт азайғанын айтады.