Accessibility links
Skip to main content
Skip to main Navigation
Skip to Search
Жаңалықтар
Саясат
AzattyqTV
Қаңтар оқиғасы
Адам құқықтары
Әлеумет
Әлем
Арнайы жобалар
Русский
Жазылыңыз
Басқа тілдерде
İздеу
РУС
Live
Live
İздеу
Бұған дейінгі
Келесі
Шұғыл хабар:
УКРАИНАДАҒЫ СОҒЫС
Мариупольде соғыста опат болған бейбіт тұрғындар жерленген зират
10 қараша 2022 жыл, 20:17
Reuters агенттігі
Мариупольге Ресей әскері басып кірген соң мерт болғандар жерленген зираттан суреттер.
1
9 қарашада Ирина Орфиняк Мариупольдің солтүстік-батысындағы Старокрымск зиратына келді. Мұнда оның немересі Вероника жерленген. Вероника мен әкесі Ресей әскері минометтен атқылаған кезде қаза тапқан.
2
Ирина Орфиняк немересі Верониканың зиратына келген сәт.
Иринаның айтуынша, минометтің жарылысынан тоғыз адам қаза тапқан. Опат болғандардың үшеуі – бала. «Вероника миномет жарылғанда қатты жараланып, ауруханаға бара жатқанда көз жұмды. Ал ұлым бірден өліп кетті» дейді Ирина.
3
Мариупольдегі Старокрымск зираты. Мамыр айындағы фото.
Бұл зираттың аумағы Ресей әскерінің шабуылынан кейін қатты кеңейді. Қазір қабірлердің көбі тек нөмірленген.
4
Мариупольдегі зиратқа келген жұрт. 9 қараша.
Ресей 24 ақпанда Украинаға басып кіргенде бірден Мариупольді қоршауға алып, атқылаған. Үш айдың ішінде бұл қалада ондаған мың бейбіт тұрғын қаза тапқаны айтылды.
5
24 ақпаннан бері Старокрымск зиратында 4600-ден аса қабір қазылғаны хабарланды.
6
Қабіршілер мамыр айында Старокрымск зиратына марқұмдарды жерлеп жатыр.
7
Мариупольдегі жол бойында қазылған зираттың жанында отырған қыз бала. Сәуір айы.
Ақпаннан бері бұл қалада қаза болған адамдар парктерде, аулаларда, жол бойында жерленген. Кейін олардың кейбірін қазып алып, сүйектерін Старокрымск зиратына әкелді.
8
Мариуполь тұрғыны Альберт Носов 9 қарашада зират басына келді. Ол Reuters тілшілеріне мұнда блокада кезінде суық тиіп қайтыс болған мүгедек ұлы Валерий жерленгенін айтқан.
"Су да, жылу да болмады. Баламызға жағдай жасауға мүмкіндігіміз болмай қалды. Атыс болып жатқандықтан оны үйіміздің жанына жерлеген едік, кейін осы жерге қайта жерледік" дейді 85 жастағы ер адам.
Мариупольде соғыста опат болған бейбіт тұрғындар жерленген зират
Recommended
Грузияда 14 желтоқсанда президент сайлауы өтеді
Back to top
XS
SM
MD
LG