Бейсенбі, желтоқсанның 5-і күні Астана қаласында қатты желге байланысты бірінші ауысымда оқитын 1-4 сынып және екінші ауысымда оқитын 1-7 сынып оқушылары үшін сабақтар өткізілмейді. Бұл туралы қалалық білім басқармасы хабарлады.
АСТАНА
Қыстың алғашқы күндері-ақ соңы боранға айналған желдің жылдамдығы Астана қаласында секундына 15 метрге дейін жетті.
Астанаға бет алған ондаған жолаушы рейстері өзгеріп, Қарағанды әуежайына түсірілді.
Азаттыққа хабарласқан Гүлім Әбішеваның айтуынша, жолаушылар екі сағаттан астам уақыт суық әуежайда отыр.
- Бүгін таңертең тоғызда Талдықорғаннан ұшып шыққанбыз. «Астанада боран, ұша алмаймыз» деп ұшақты Қарағандыға қондырды. Қанша уақытқа тоқтатылғанын ешкiм ашып айтпайды. Ана мен бала бөлмесiне әрең кiрдiк. Бiз ДЦП-ға шалдыққан бөпемен ауруханаға жатуға бара жатқанбыз. Шамамен 20-22 адамбыз. Екі жарым сағат болды, әуежайда қатып қалдық, - деді жолда қалған жолаушы.
«Қазгидрометтің» хабарлауынша, Астанада ауа температурасы түнде -5°C, ал күндіз -4°C градусқа дейін жетуі мүмкін, желдің екпіні секундына 20 метрге дейін артуы ықтимал.
Синоптиктердің болжауынша, көшпелі бұлт шығады, аздап қар жауады, боран соғады.
Астана қаласының төтенше жағдайлар департаменті желдің күшеюіне байланысты боранды түнде жолға шықпауға және ауа райының өзгеруі туралы ақпаратты бақылап отыру туралы кеңес берді.
Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, боранға байланысты Астанадан шығатын барлық жолдар, Павлодар облысындағы Астана-Ерейментау жолы уақытша жабылды.
Хабарламада: «Астанада күн райының күрт бұзылуына байланысты «Рубеж» жүйесінің бөгеуші стационарлық бекеттері арқылы 6 бағытта барлық көлік түрлерінің қозғалысы шектелді. Атап айтқанда, Астрахань, Қорғалжын, Көкшетау, Қарағанды, Рождественка және Алаш тас жолдары жабылды» деп жазылған.
Астананың көшелеріндегі көлік қозғалысын бақылау шаралары да күшейтілді.
Күннің күрт суытуы Орталық Қазақстандағы басқа да қалаларда әжептәуір әбігер туғызды. Қарағанды облысының кей жерлерінде бұрқасын соғып, оның соңы көктайғаққа ұласып, желдің күші секундына 25 метрге жетуі мүмкін екені хабарланды.
Бейсенбі күні түске дейін Қарағандыда бірқатар ғимараттың шатырын жел жұлып кеткен. Оның ішінде қаладағы 12-ші әскери-техникалық мектеп пен Шахтинск қаласында халыққа қызмет көрсету орталығы да зардап шеккен.
БАСҚА АЙМАҚТАР
Актөбе облысында да оңтүстік-батыстан соққан жел секундына 20 метрге дейін күшейіп, тұман мен қарлы боран болады деп хабарланып отыр. Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері тұрғындарды ұзақ жолға шықпай, үй шатырларын тексеруге шақырды.
Азаттық тілшісінің хабарлауынша, Маңғыстау облысында да қарлы боран басталған. Соның кесірінен желтоқсанның 4-і күні Ақтау-Жаңаөзен жолы жабылған.
«Казгидрометтің» хабарлауынша, желтоқсанның 5-і күні Қызылорда мен Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жауын-шашын болып, жаңбырдың соңы қарға ұласуы, көктайғақ болуы, батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 20 метрге дейін жетуі мүмкін.
Желтоқсанның 5-і күні Жамбыл облысының таулы аймақтарында жауын-шашын болып, қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал. Кей жерлерде тұман түсіп, жолда көктайғақ тууы мүмкін. Бұл өңірде оңтүстік-батыс, солтүстік-батыстан соғатын жел екпіні секундына 30 метрге дейін жетеді деп болжанады.
Боранның кесірінен Жамбыл облысындағы «Шақпақ» асуы, Қарағанды мен Астана жолдары уақытша жабылды.

Астанадан шығатын барлық жолдар, Павлодар облысындағы Астана-Ерейментау жолы уақытша жабылды.
Астананың көшелеріндегі көлік қозғалысын бақылау шаралары да күшейтілді.
Күннің күрт суытуы Орталық Қазақстандағы басқа да қалаларда әжептәуір әбігер туғызды. Қарағанды облысының кей жерлерінде бұрқасын соғып, оның соңы көктайғаққа ұласып, желдің күші секундына 25 метрге жетуі мүмкін екені хабарланды.
Бейсенбі күні түске дейін Қарағандыда бірқатар ғимараттың шатырын жел жұлып кеткен. Оның ішінде қаладағы 12-ші әскери-техникалық мектеп пен Шахтинск қаласында халыққа қызмет көрсету орталығы да зардап шеккен.
БАСҚА АЙМАҚТАР
Актөбе облысында да оңтүстік-батыстан соққан жел секундына 20 метрге дейін күшейіп, тұман мен қарлы боран болады деп хабарланып отыр. Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері тұрғындарды ұзақ жолға шықпай, үй шатырларын тексеруге шақырды.
Азаттық тілшісінің хабарлауынша, Маңғыстау облысында да қарлы боран басталған. Соның кесірінен желтоқсанның 4-і күні Ақтау-Жаңаөзен жолы жабылған.
Жамбыл облысындағы «Шақпақ» асуы, Қарағанды мен Астана жолдары уақытша жабылды.