Лондон Олимпиадасына Қазақстан құрамасының қатарында ауыр атлетика бәсекесіне қатысатын екі адам - Арли Чонтей мен Фархад Харки жарыстан шеттетілуі мүмкін. Бұл туралы Азаттық радиосына Қазақстан ауыр атлетика федерациясының өкілі, мемлекеттік жаттықтырушы Меңдіхан Тәпсірұлы хабарлады.
- Бұл спортшылардың олимпиадаға қатысуына халықаралық ауыр атлетика федерациясы қарсы болып жатқанын естідік. Әлемдік ұйым «бұл спортшыларды танымаймыз» деп қарсылық білдірген. Қатысу, қатыспауы жайлы нақты бір шешім бүгін, 26 шілде күні белгілі болады, - деді федерация өкілі.
Меңдіхан Тәпсірұлының айтуынша, ұлты дүнген бұл екі спортшы осыдан біраз уақыт бұрын Қазақстанға Қытайдан келген. Қытай бұл спортшылардың олимпиадаға Қазақстан атынан қатысуына қарсылық білдірген жоқ деді Қазақстан ауыр атлетика федерациясының өкілі.
Ертең Лондонда ХХХ Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтеді.